Сұрақ-жауап
Панангинді Аевит сияқты басқа дәрумендермен бірге қабылдауға бола ма?
Панангинді Аевитпен бірге қолдануға болады.
Панангинді миокард инфарктінен кейін қабылдауға бола ма? Қалай қабылдау керек?
Бұрын болған миокард инфаркті Панангин препаратын қолдануға негіз болатын нәрселердің бірі. Емдеуші дәрігеріңіздің өзгеше нұсқаулығы болмаса, 2 таблеткадан күніне 3 рет ішуді ұсынамыз
Панангин қанша сағаттан кейін әсер ете бастайды?
Электролиттік теңгерімді қалпына келтіру процесі көбіне адамның жеке қасиеттеріне, негізгі және ілеспе аурулардың болуына және олардың өту сипатына, сондай-ақ калий мен магнийдің тапшылығы қаншалықты айқын екендігіне  байланысты. Зерттеу мәліметтері бойынша калий мен магний тапшылығының клиникалық белгілерінің жойылуы немесе айтарлықтай жақсаруы емнің 7-10 күндері байқалған.  
Панангинді алкогольмен бірге және керісінше, алкогольді қабылдаған кезде Панангинді қабылдауға бола ма?
Панангин препаратын қабылдау кезінде  алкогольдің ерекше жағымсыз әсері туралы мәліметтер жоқ. Алайда басқа дәрілік препараттарды қабылдаған кезде Панангин мен алкогольді бірге қолдану ұсынылмайды.  
Панангиннің күндізгі мөлшерінің бәрін (3 таблетканы) бір-ақ рет іше салуға бола ма?
Белгілі бір дәрілік препаратты қабылдау мерзімі оның құрамына енетін әсер ететін заттардың сіңірілу ерекшеліктері, қан, метаболизм ақуызымен араласуы немесе  рецепторлармен және организмнің ферментті жүйелерімен басқаша бірігуі, шығу кезеңі және т.б. сияқты физика-химиялық сипаттамаларға байланысты. Панангин препаратын 1 таблеткадан 3 рет қолдану бір тәулік ішінде организмге калий мен магнийдің белгілі бір тұрақты деңгейінің қабылдануын сақтайды, бұл біздің организміміздің физиологиясы тұрғысынан алғанда, дұрыс. Өйткені таңғы ас кезінде бүкіл тағам мөлшерін (яғни, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас + жүрек жалғау) қабылдасаңыз, организм пайдалы заттарды сіңіре алмай қалады, түскен жүктемеден асқазан-ішек жолының жұмысындағы «ақауды», басқа да органдар мен жүйелер қызметтерінің бұзылуын сеземіз.  
Панангинді қабылдау мен спортпен айналысуды бірмезгілде іске асыруға бола ма?
Болады, тіпті, солай жасау қажет. Спортпен тұрақты түрде шұғылдану бүкіл организмге, бірақ бірінші кезекте, жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсерін тигізеді. Бұл ретте жүрек-қантамыр жүйесі жоғары жүктемеге тап болады: жаттығу неғұрлым қарқынды болса, жүректің бұлшық етіне көбірек жүктеме түседі. Электролиттік бұзылу себептерінің бірі – жаттығуларда тердің шамадан тыс бөлінуі, сондай-ақ қалпына келтіру кезеңінде  электролиттердің жеткілікті деңгейде толтырмау. Сондықтан да электролиттік теңгерімді сақтау – сәтті жаттығу процесінің маңызды бөлігі.  
Панангинді шайнауға бола ма? Таблетканы тұтас жұтқан қиын.
Таблетканы шайнауға болмайды — мұндай жағдайда препараттың белсенді затын қорғайтын үлдір қабықтың бүтіндігі ауыз қуысында ыдырайды. Ал асқазанның қышқыл ортасы қабықпен қорғалмаған препараттың тиімділігін төмендетуі мүмкін.  
Аяқ бұлшық еттері тырысқан кезде Панангинді қанша уақыт қабылдау керек?
Ең алдымен, тырысу себептерін анықтау үшін дәрігерге жүгіну керек. Егер дәрігер бұлшық еттің тырысуы калий және/немесе магний тапшылығына байланысты екенін анықтаса, ол сізге Панангинді қанша уақыт пайдалануға болатынын айтады.
Дәрігер Панангин белгілеген, бірақ оны қабылдауға қорқамын, өйткені калий мен магний қысымды төмендетеді деп естідім, ал мен — гипотоникпін (жұмыс қысымым 100-110/60-70). Бұл препаратты ішуіме бола ма?
Клиникалық зерттеу мәліметтеріне сәйкес, калий мен магний қосылған препараттар  нормо және гипотониктердің (3-5 мм сын. бағ.) қысымын аздап, ал гипертониктердің қысымын айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан Панангинді дәрігердің белгілеуі бойынша қабылдауға болады. Бірақ бұл кезеңде артериалды қысымның көрсеткіштерін бақылауды ұсынамыз. Систолдық артериалды қысым 90 мм сын. бағ. төмен болса, Панангинді қабылдау ұсынылмайды.  
Мен созылмалы жүрек және бүйрек тапшылығына шалдыққанмын. Панангинді қабылдай аламын ба?
Созылмалы бүйрек тапшылығы кезінде Панангинді қолдану қарсы көрсетілген.  
Ауруханадан шыққаннан кейін дәрігер калийге бай азық-түлікті (қабығымен пісірілген картоп, банан, кептірілген жемістер, көк шөп) көбірек жеуді ұсынған болатын. Бұл азық-түліктің орнына Панангин таблеткасын ішумен шектелсем бола ма?
Дәрігер сізге калийді көбірек қолдануды ұсынса, Панангин және Панангин Форте препараттары калиймен байытылған диетаның баламасы бола алады. Біз препараттың сізге жарамды мөлшеріне қатысты дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.  
Бала жүрегінің жұмысында бұзушылықтар анықталды. Панангинді қолдануға бола ма? Мөлшерлеу және емдеу курсы қандай?
Панангинді қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 18 жасқа дейін қолдануға болмайды, өйткені балалар жасындағы пациенттер қатысқан клиникалық зерттеулер өткізілмеді. Бұл мәселе бойынша міндетті түрде педиатрмен кеңесу керек.
Панангинді бета-блокаторлары мен и-АПФ топтарының препараттарымен бірге қолдануға болмайды деген рас па?
Бірге қолдануға қатаң түрде тыйым салынбаған, көрсетілген препараттар бірге белгіленген. Бірақ калий мен бета-адреноблокаторларды, сондай-ақ АПФ ингибиторларын  бірге қолданған кезде гиперкалиемияның асқыну қаупі артуы, яғни қандағы калий деңгейі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан да сіздің жағдайыңызда бірге қабылдауға қатысты  дәрігермен міндетті түрде кеңесуді ұсынамыз. Сондай-ақ мұндай емді зертханалық көрсеткіштердің бақылауымен (қандағы калийдің деңгейі) өткізген жөн.
Мен тұрақты түрде спортпен шұғылданамын, тиісінше, жүрекке көп жүктеме түседі. Мұндай жағдайда Панангинді жеке қабылдауға бола ма, оны маған дәріханада сата ма?
Қарсы көрсетілімдері болмаса, Панангинді арналымы бойынша жеке қабылдай аласыз (мысалы, тағамда калий/магний тапшылығы кезінде). Дәріханадан Панангин сатып алу үшін рецепт керек емес, өйткені препарат рецептурасыз сатылатын дәрілік құрал ретінде тіркелген.  
Гиперкалиемияға және гипермагниемияға апарып соқпайтындай күніне Панангиннің қанша таблеткасын қабылдауға болады?
Медициналық тұрғыдан қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Панангин препаратын рұқсат етілген мөлшерлеу: 3 таблеткадан күніне 3 рет. Панангин Форте үшін — 1 таблеткадан күніне 3 рет.  
Панангин препаратын қанша уақыт қолдануға болады?
Медициналық тұрғыдан қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Панангин препаратын қолдану ұзақтығына шек қойылмаған. Бірақ курсты қабылдау ұзақтығы және қабылдауды қайталау курстары туралы шешімді емдеуші дәрігермен бірге қабылдаған жөн.