Препараттар туралы
Панангин препаратының формалары туралы толық ақпарат алыңыз
Рег. уд.: РК-ЛС-5№016300 от 22.06.2015 до 22.06.2020
Классикалық Панангин
  • Құрамында Калий аспарагинаты бар, 140 мг
  • Құрамында Магний аспарагинаты бар, 158 мг
Калий-Магний аспарагинаты қалай әсер етеді
Калий-Магний аспарагинаты – бұл бұл миокардты нығайтуға және қоректендіруге, жүректің тұрақты жұмысы мен қантамырлардың қалыпты созылғыштығын сақтауға арналған препарат.
Калий миокардты нығайтады және тұрақты жүрек ритмін қамтамасыз етеді. Магний қантамырлар спазмының алдын алады және олардың созылғыштығын жақсартады.
Калий және магний миокардтағы зат алмасу процесін жақсартуға көмектеседі және атеросклероздың асқынуына кедергі болады.
Калий мен магнийді тұрақты түрде қабылдау инфаркттің пайда болу қаупін 2 есе және инсульттің асқыну қаупін 40%-ға төмендетуге көмектесетіні дәлелденген.
Сонымен қатар препараттың белсенді заттары артериалды қысымды 6/3 мм сын. бағ. жеңіл төмендетуге көмектеседі*
Калий-Магний аспарагинатының артықшылықтары
Жеңіл
сіңіріледі
Органикалық тұз, яғни биоқолжетімділігі жоғары аспарагинаттар түріндегі калий мен магний.
Қауіпсіз
мөлшерлеу
Калий (158 мг) мен магнийдің (140 мг) теңдестірілген мөлшері. Ұзақ уақыт бойы пайдалануға болады.
Жүрек
формуласы
Құрамында жүрек үшін пайдалы микроэлементтер – калий мен магний ғана бар
Панангин кімдерге ұсынылады?
Панангин кімдерге ұсынылады?
  • рационында микроэлементтері аз, дені сау адамдар
  • жүрек тапшылығы және жүректің басқа да ауруы кезінде
  • орын алған миокард инфарктінен кейін
  • жүрек ритмінің бұзылуы кезінде
  • артериалды гипертония кезінде үнемі диуретиктерді (Калийді сақтайтыннан басқа) қабылдайтын пациенттер*
*Ляшенко Е.А. Инсульттің алдын алу кезіндегі калий мен магнийдің рөлі //Рус.мед. журнал, 2012.- № 19.- 60–65 бб.
Қабылдау схемасы
Тамақтан кейін 2 таблеткадан күніне 3 рет.
Курстың ұзақтығы туралы мәселені дәрігермен кеңесу керек.