Жүрек туралы

Зат алмасудың бұзылуы


Калий тапшылығы ғылыми тілде гипокалиемия деп аталады. Ал магнийдің қатты тапшылығы – гипомагниемия деп аталады. Әдетте, мұндай жағдайлар түзетуге келеді және калий мен магнийдің теңгерімі аз уақыттың ішінде қалпына келеді.

Калий және/немесе магний тапшылығын қалай анықтауға болады?

Бұл мәселе – ең негізгі мәселе болып табылады. Әдетте, емделудің де, осы заттардың тапшылығын уақытында анықтаудың да еш қиындығы жоқ.

Алғашқы симптомдары анық байқалмайды және адамдар сол белгілермен жылдар бойы өмір сүреді. Организмнен келетін негізгі сигнал: шаршау. Бірақ өзін «сығылған лимон» секілді сезінетін адам дәрігерге сирек барады. Оның мынадай қосымша белгілері байқалғанша жүре береді:

  • тырыспа
  • артериалды қысымның көтерілуі немесе түсуі, жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да мәселелері (тахикардия, аритмия,)
  • бұлшық еттің әлсіздігі
  • жүрек айну, құсу, диарея
  • жүйкенің тез тозуы, ашуланшақтық

Калий және магнийдің деңгейлері бірқатар талдаулар спектрімен анықталады. Олардың ішіндегі алғашқылары: қанның биохимиялық талдауы және 24 сағаттық несептен осы микроэлементтердің құрамын зерттеу.

Дене салмағы 65-70 кг болған кездегі калийдің орташа нормасы 3500 ммоль/л құрайды. Қауіпті көрсеткіш 2 ммоль/л.

Ересектер үшін магнийдің орташа нормасы –0,75 - 1,26 ммоль/л. Магний деңгейінің 0,5-0,7 ммоль/л аралығында болуы гипомагниемияны білдіреді.

Калий тапшылығының себептері

Калий алмасуы барысында бүйрек орасан зор рөл атқарады (бұл микроэлементтің ең көп бөлігі несеппен бірге шығады), сондықтан оның жылдам шығып кетуінің себебі бүйрекке байланысты болады. Бұл көбіне ерекше дәрілерді қабылдау салдарынан орын алады, олар: диуретиктер (калийді сақтайтындардан басқа), пенициллиндер тобы, гентамициннің көп мөлшері, В амфотерицинімен немесе теофиллинмен емдеу. Гормоналды жүйедегі ақаулықтар да бүйректің жұмысына әсер етеді, бұл да қандағы калий деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады: бүйрекүсті безі аурулары, ісіктер, қатерлі гипертензия.

Бірақ бүйрек дұрыс жұмыс істеген кезде де калийдің шығып кетуі оңай! Денеге тұрақты түрде шамадан тыс жүктеме түсіру немесе қатты эмоционалды күй кешу.

Магний тапшылығының себептері

Калийге қатысты жағдай сияқты организмдегі магнийді сіңіруге және сақтап қалуға әсер ететін факторлар көп. Оның тапшылығы әртүрлі ауру салдарынан осы микроэлементтің метаболизм алмасуына байланысты жаңадан туылған кезде де орын алуы мүмкін. Оны дәрігерлер созылмалы (туа біткен) гипомагниемия деп атайды. Ол айтарлықтай кеңінен таралған, бірақ оны анықтау оңай емес. Неге олай? Адам тұтынатын май, сүт, майлы ет организмге басқа тағаммен (бұршақ, жасыл көкөністер, кептірілген жемістер және т.б.) бірге түсетін магнийдің мөлшерін бейтараптандырады. Адам теңдестірілген тағам ішіп жүргеніне, микроэлементтер тапшылығының жоқ екеніне сенімді болып өмір сүреді, ал шын мәнінде, созылмалы гипомагниемияға шалдығады.

Әдетте, магнийдің қайта тапшылығы мынадай себептерден орын алады:

  • алкоголизм
  • созылмалы дұрыс тамақтанбау
  • асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы
  • парентеральді тамақтану
  • жүктілік
  • қалқанша безінің гиперфункциясы
  • гормоналды препараттарды қабылдау
  • дене жүктемесі
  • сауна, моншаға жиі бару, ыстық климатта өмір сүру

Гипокалиемияны және гипомагниемияны емдеу және алдын алу

Бірінші кезекте, дәрігерлер қажетті микроэлементтермен байытылған арнайы диета, сондай-ақ өмір сүру ырғағын «жеңілдетуді» ұсынады. Кейде калий тапшылығы кезінде магний тапшылығы да орын алып жатады. Сондықтан да құрамында осы микроэлементтердің теңдестірілген деңгейі бар препараттардың курсын қабылдаған өте маңызды.

Солардың бірі, калий және магнийдің тапшылық жағдайын емдеу кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен «Панангин» болып табылады.