Жүрек туралы

Миокард инфаркті


«Инфаркт» деген сөз латын тілінен шыққан және қанның қандай да бір орган аймағына ағып келуінің тоқтауын білдіреді, соның салдарынан оның қоректенуі бұзылып, жасушалар өледі. Инфаркт ішек немесе бүйрек сияқты әртүрлі органда пайда болатынын көп ешкім біле бермейді. Бірақ жүрек-қантамыр аурулары кеңінен таралғандықтан, «миокард инфаркті» деген диагноз барынша танымал. Ол тромбоз немесе коронарлы қантамыр спазмының салдарынан, жүрек бұлшық етінің қоректенуі (миокард) бұзылған кезде пайда болады. Ауқымды түрде зақымданған кезде жүрек жасушалары өледі де, олардың орнына некроз пайда болады, уақыт өте келе ол тыртық қалыптастырып, дәнекерлегіш тіннің орнын басады.

Бір-екі ғасыр бұрын миокард инфаркті туралы көп ешкім біле бермейтін. Оның белгілері таралған дерттен гөрі, медициналық сорақылық болатын. Ата-бабаларымыздың аз өмір сүргенін осылай түсіндіруге болады. Бәлкім, олардың жасы ең болмағанда, 50-60 жасқа жетсе, сол дәуірдің ғалымдары өз еңбектерінде инфаркт туралы толық жазар еді...

Жүрек-қантамыр ауруларының диагнозын қою және емдеудің жаңа әдістерін енгізудің арқасында соңғы 20 жылда кардиологтар инфаркттен болатын өлімді төмендетті. Мысалы, Ресейдің астанасы Мәскеуде бұл сан екі есе төмендеген екен: 2012 ж. 7145 жағдай, 2016 ж. 3865 жағдай орын алған екен. Алайда тәжірибелі дәрігерлер бұл мәселенің әлі күнге дейін ушығып тұрғанын айтады, ал көптеген статистикалық мәліметтерде шындық көрсетілмеген.

Өкінішке орай, кенеттен болатын өлім мен еңбекке жарамсыз болу себептерінің ішінде миокард инфаркті бүкіл әлем бойынша бірінші орында тұр. Ол «жастардың» да өмірін қыршыннан қиып, әйелдерге де, еркектерге де жабысады. Десе де «нәзік жандылар» бұл дертке кемел жасқа келгенде, яғни етеккір тоқтайтын кезде тап болады: бұл кезде әйел организмі жүрек-қантамыр жүйесін қорғайтын эстроген гормоны шұғыл түрде төмендейді екен. Сол себепті, көптеген елдерде, оның ішінде Ресейде миокард инфарктінен болған өлім жасы ұлғайған әйелдер арасында көп.

Ғалымдар миокард инфарктінің шуылын физиологиялық факторлармен ғана емес, сондай-ақ барынша нашарлап келе жатқан экологиямен де байланыстырады.

Инфарктіге апарып соғатын не немесе қауіп факторлары қандай?

  • тұқымқуалаушылыққа бейімділік
  • шылым шегу
  • қант диабеті
  • дене белсенділігінің төмен болуы
  • стресс, жүйкеге түскен жүктеме
  • дене салмағының артуы және семіздік
  • гипертония
  • «нашар» холестерин деңгейінің жоғарылығы
  • қандағы үшглицеридтердің жоғары деңгейі (организмге тамақпен бірге келіп түсетін бейтарап майлар)
  • магний және калий тапшылығы
  • ірі қалаларда, мегаполистерде өмір сүру

Миокард инфарктін қалай анықтауға болады?

Миокард инфаркті ұстамасының әдеттегі картинасы: төс сүйегінің қатты ауыруы. Пациенттер бұл ауруды адам төзгісіз, күйіп-жанатын, жедел, денені түршіктіретін ауру деп сипаттайды. Кейде ол сол қолға, жауырынға, төменгі жаққа ауысады. Ауру синдромы 15-20 минуттан асады және нитроглицеринді қайта қабылдаған кезде де тоқтамайды. Ұстама кезінде артериалды қысым көтеріледі, содан кейін бастапқымен салыстырғанда орташа немесе шұғыл түрде төмендейді, тахикардия, аритмия байқалады.

Алайда миокард инфаркті әрдайым мұндай бермейді. Мысалы, диабетке шалдыққан адамдарда инфаркт болса, олар ауырсынбайды, ол “ауырмайтын ишемия” немесе “ауырмайтын миокард инфаркті” деп аталады. Соған қарамастан, миокардтың зақымданған бөлігінің жасушалары артерияға қан ағу тоқтаған сәттен бастап 20 – 40 минут өткен соң өле бастайды…

Нақты диагнозды дәрігер электрокардиограмманы (ЭКГ) бағалап, басқа да бірқатар зерттеу жүргізгеннен кейін қоя алады.

Миокард инфарктінің тағы қандай белгілері бар?

Миокард инфаркті алдауға шебер. Кейде оның белгілері мүлдем басқа ауру белгілеріне ұқсас болады! Оның мынадай жасырын белгілері болады:


Абдоминальді инфаркт (гастралгиялық): эпигастрияның, іштің оң жағының немесе оң жақ қабырға астының ауыруы сияқты асқазанда болатын қиындықтар ретінде белгі береді. Сонымен қатар құсу, диарея, іштің кебуі, асқазан немесе ішек шұғыл түрде кеңейіп, асқазан-ішек жолының шала салдануы сияқты белгілермен қатар жүреді.


Демікпе инфаркті: төс жасушасында айтарлықтай ауру белгілері байқалмайды. Белгілері көбіне бронхиалды демікпеге ұқсайды: қатты тұншығу, қызғылтым түсті қақырығы бар жөтел. Әдетте, мұндай ұстамаға артериалды қысымның түсуі, аритмия немесе жүрек ырғағының жылдамдауы қосылады. Көбіне бұл форма миокард инфаркті қайталанған кезде пайда болады.


Церебральді инфаркт: бұл форманың белгілері көбіне инсульттің белгілеріне ұқсас: естен танып қалу және/немесе сандырақтап сөйлеу белгілері


Жасырын: ауыру белгілері жоқ. Көбіне қант диабетіне шалдыққан адамдарда кездеседі. Демікпе, қатты шаршау сияқты әдеттегі белгілері болады.



Клиникалық формаларының әртүрлілігіне және тіпті, дәрігерлердің өзін шатастыра алатын миокард инфаркті дамуы кезінде нақты бірнеше кезеңге бөлінеді:


Инфаркт алды: әдетте, стенокардияның жиіленуі және күшеюі ретінде көрініс табады, бірнеше сағатқа, тәулікке, аптаға жалғасуы мүмкін.


Жедел: ишемияның дамуынан бастап миокард некрозы пайда болғанға дейін, 20 минуттан 2 сағатқа дейін жалғасады.


Миокардтың жедел инфаркті 2-14 күн аралығында жалғасуы мүмкін және жедел жағдайының белгілері сақталады.


Жеделдеу: ұзақтығы 4-8 апта.

Науқастың жағдайы тұрақтанады, температурасы түседі, көбіне толық сауыққан сияқты елес пайда болады.


Тыртықтану кезеңі: 8 аптадан бастап жарты жылға дейін. Бұл кезде жүрек бұлшық еті зақымданған аймақта тығыз тыртық тіні пайда болады, ал жүрек қызмет етудің жаңа жағдайына бейімделеді. Тыртық тым үлкен болса немесе ол жерде жүрек қабырғасы дүрдиіп (аневризм) тұрса, органның қан айдау қабілеті шұғыл түрде төмендейді. Сондықтан да тыртықтану кезеңінен кейін пациентке дұрыс оңалту қажет.


Миокард инфаркті ауыр жағдайлардың бірі болса да, статистика пациенттердің 80%-ы қалыпты өмірге қайтып келеді деп үміттендіреді. Әлбетте, ол үшін жағдай жасау керек: қауіп факторларын төмендету керек, диета сақтау керек және дәрігерлердің қатаң режимі мен ұсыныстарын сақтау керек.