Жүрек туралы

Артериальная гипертония


Қысым неге көтеріледі?

Кейде жүрегіміз шамадан тыс «жұмыс істейді» де, артериялардағы қан ағымы күшейіп кетеді. Мысалы, бұл спортпен шұғылданған кезде немесе қатты толқыған кезде орын алады. Бірақ бұл әлі гипертония емес.

Артериалды гипертензия (немесе гипертония) – көбіне біртіндеп өсетін жоғары қысымның тұрақты сақталатын күйі. Оның зұлымдығы – артериалды қысымның көтерілуі ешқандай белгісіз орын алады. «Жасырын», симптомсыз өткен гипертония адамда бірқатар аурулардың және/немесе асқынулардың орын алуына әкеп соғады:

  • миокард инфаркті
  • инсульт
  • стенокардия
  • жүрек және/немесе бүйрек тапшылығы
  • көру қабілетінің төмендеуі
  • перифериялық артерияның зақымдануы

    Гипертонияны қандай жанама белгілері бойынша анықтауға болады?

  • 1
    Таңертең бастың ауыруы, әсіресе, желке тұсының ауыруы
  • 2
    Құлақтағы шуыл
  • 3
    Көз алдыңызға «шіркейдің» елестеуі және/немесе бас айналу
  • 4
    Жүрек айну
  • 5
    Жауырынның астының немесе төстің ауыруы
  • 6
    Қол саусақтарының жансыздануы

Артериалды гипертензия деген не?

Дәрігерлер гипертонияны «өмір сүру салтының ауруы» деп атайды: артық салмақ, шылым шегу, шамадан тыс алкоголь, зиянды тағам, стресс және қозғалмайтын өмір салты қантамырларын тарылтады, ал олардың қабырғалары созылғыштығынан айырылады. Жүректің қанды итеріп, шамадан тыс күш жұмсауына тура келеді.

Тұқымқуалаушылық та гипертонияның дамуына әсер етеді. Егер жақын туыстарыңыз осы сырқатпен ауырса, өз қысымыңызды бақылап тұруыңыз қажет.

Кейде қысымның артуына себеп болатын нәрсе – адам организміндегі микроэлементтердің дисбалансы. Мысалы, магний және калий тапшылығы қантамыр қабырғаларының тонусын арттыруға, жүрек бұлшық етінің шамадан тыс жиырылуына, соның салдарынан, қысымның артуына ықпал етеді.

Артериалды гипертензия көбіне мынадай аурулар орын алған кезде туындайды:

  • бүйрек ауруы және бүйрек артериясы
  • бүйрек үсті безінің патологиясы
  • тиреотоксикоз
  • гипоталамус аурулары
  • бас сүйек-ми жарақаттары
  • жүрек ақауы

Артериалды қысымның қалыпты көрсеткіштері

Қысымның жүйелі түрде көтерілетіндігін бір ғана тәсілмен анықтауға болады: ол үшін үнемі тонометрмен өлшеп тұру керек.

Екі параметр ескеріледі: жоғарғы (систолдық) және төменгі (диастолдық) қысым. Жоғарғысы аортаға жіберілген қанның ең көп мөлшерін белгілейді, мұндай кезде ол ең жоғарғы мәнді көрсетеді. Ал төменгісі жүрек бұлшық еті босаңсыған кезде пайда болатын көрсеткішті тіркейді.

Жас адамның қалыпты қысым деңгейі 110/75. Жас келген сайын қан қысымының көтерілетін үрдісі бар екен. Егер 60 жасқа дейін АҚ көтерілмесе, артериалды гипертонияның даму мүмкіндігі төмен.

140/90 мм сынап бағанына жоғары тұрақты қысым гипертонияның белгісі болып саналады!

Жүрек сыздап ауырады! Не істеуге болады?

Артериалды гипертензия жағдайында айтылатын бір ғана маңызды сөз бар: «шылымыңды таста да, шаңғы теп»! Ең бірінші кезекте, заманауи медицина гипертониктерге салауатты өмір салтын ұстануды ұсынады.

Қысымды таблеткамен шұғыл түрде түсіруге тыйым салынады: мұндай жағдайда бас айналып, әлсіздік пайда болады. Гипертония кезінде дәрігерлер айқын несеп айдайтын әсері бар медикаменттерді белгілейді, организмнен сұйықтықпен бірге өмірлік маңызы бар калий және магний микроэлементтері де шығарылады. Сондықтан да дәрі қабылдаған кезде, сондай-ақ атеросклероз бен гипертониялық аурудың алдын алу үшін – қанның сарысуындағы калий мен магнийдің деңгейін қалыпты мән/норма шегінде сақтаған және ұстаған маңызды. Бүкіл әлемдегі зерттеулерге сәйкес, бұл заттардың теңгерімі гипертониктерге сырқатты «сол қалпында» сақтауға мүмкіндік береді!