Калийдің ең негізгі қарсыласы – натрий. Калий өзінің пайдалы қызметтерін орындау үшін адам денесінің жасушаларына жиналады. «Өзінің орнын босатқаннан» кейін, яғни оның қоры таусылған кезде калийдің орнын тез арада натрий басып алады екен.
Бұл жұптың міндеттері де қарама-қайшы: калий организмдегі суды шығарса, натрий оны ұстап қалады. Сондықтан да калийдің орнына ұмтылатын натрий жасушаны суға толтырады, яғни ісіну пайда болады. Мұндай жағдайда организмнің жасушалары мен тіндері өз қызметтерін дұрыс орындамайды. Бірінші кезекте, жүрекке ауыр болады, өйткені жүректің бұлшық еті – миокард – калийдің шығындалуына өте сезімтал кардиомиоцит жасушалардан тұрады.
Калий тапшылығы кезінде туындайтын немесе айтарлықтай күшейетін ең көп таралған кардиологиялық аурулар: ишемиялық жүрек ауруы және әртүрлі ырғақ бұзылулары.
Миокардтың жасушаларына калийдің қажетті мөлшері қайтарылғаннан кейін оның жұмысы қалпына келеді. Әдетте, натрий қарсыласының тегеурініне төтеп бере алмай, орнын еш кедергісіз босатады.
Ал «достары» қайсысы? Калий магниймен өте қатты байланысты. Тамақтағы магний тапшы болған кезде калий дұрыс сіңірілмейді. Және керісінше, құрамында магний жеткілікті мөлшерде болса, пайдалы қасиеттері толық байқалады. Сондықтан да бұл екі микроэлементті бірге тұтынған жөн. Бақытымызға орай, олар бірдей азық-түлік құрамында (көкөністер, көк шөп, жемістер) болады, құрамында калий мен магнийдің комбинациясы бар минералды препараттарды оп-оңай табуға болады.
Магнийдің 60%-ы адамның сүйектерінде, қалған бөлігі жүректің жасушалары мен бас миында болады. Магний тапшылығы кезінде оның физиологиялық қарсыласы – кальций пайда болады. Натрий сияқты ол да бос орындарды алады. Шамадан тыс жұмыс істейтін кальций бұлшық еттің күшті немесе қате жиырылуына ықпал етеді. Бұлшық еттің тырыспасы мен ауыруы бүкіл денеден, аяқтың балтырынан, табанынан сезіледі. Микроэлементтердің тапшылығы салдарынан болатын мұндай тырыспа түнде орын алады. Калий шамадан тыс көп болғанда/ магний тапшы болғанда миокард науқастанады: жүрек ырғағы бұзылады, бұл артериалды қысымға (оның көтерілу үрдісіне) жағымсыз әсер етеді, миокардтағы зат алмасу процестері бұзылады.
Сонымен калий және/немесе магний тапшылығы кезінде жүрек бұлшық еті (миокард) дұрыс қоректенбейді және қысқарады, қалыпты түрде «демалмайды» деп айтуға болады.
Калий мен магний тапшылығының ең басты себептері:
- 1
тердің шамадан тыс бөлінуі (спорт, ыстық климат, ыстық цехтерде жұмыс істеу, моншаға немесе саунаға жиі бару)
- 2
диарея немесе іш жүргізетін препараттарды пайдалану
- 3
несеп айдайтын құралдарды пайдалану (калийді сақтайтыннан басқа)
- 4
гормоналды ем, оның ішінде контрацепция
- 5
қант диабеті
- 6
асқазан-ішек жолының аурулары (гастрит, ойық жара, өт қабы мен ұйқы безі аурулары)
- 7
созылмалы стрестер мен депрессия жағдайлары
- 8
кофе және/немесе алкогольді тұрақты түрде пайдалану
- 9
жүрек-қантамыр аурулары
Калий деңгейінің төмендегенін қандай белгілерден байқауға болады?
- 1
ұйқышылдық, селқостық
- 2
әлсіздік және бұлшық ет ауруы
- 3
ісіну
- 4
үнемі іш қату
- 5
артериалды қысымның ауытқуы
- 6
жүрек ырғағының ақауы
- 7
дем алудың қиындауы
- 8
шаштың құрғауы, түсуі және/немесе күңгірттенуі
Магний деңгейінің төмендегенін қандай белгілерден байқауға болады?
- 1
жүйке жүйесінің тозуы, тез ашуланшақтық
- 2
жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, қатты шаршау
- 3
бас айналу
- 4
есту қабілетінің төмендеуі
- 5
бұлшық еттің тырыспасы, қабақтың тартуы
- 6
қол саусақтарының және/немесе аяқ бармақтарының жансыздануы
- 7
жүрек ауруы
- 9
іш қату немесе диарея үрдістері
- 10
жұқа, сынғыш тырнақ және/немесе шаштың түсуі
Бақытымызға орай, калий және магний тапшылығының орнын толтыру қиын емес: рационыңызды құрамында калий және магний көп өнімдермен байыту керек немесе құрамында органикалық формада калийі және магнийі бар арнайы кешендерді пайдаланып, пайдалы микроэлементтердің деңгейін қалыптандыруға/арттыруға болады (мұндай препараттарды адамның организмі жақсы сіңіреді).