Табиғатта кездесетін Калий (K/Kalium) – бұл жұмсақ сілті металы. Оның потассиум деген басқа да атауы бар.
Адам организмінде калий су-тұз теңгерімін реттеп тұрады, көбіне, жүрек ырғағына жауап береді. Бұл микроэлементтің 98%-ға жуығы жасушаның ішінде болады. Калий бұлшық ет тінінің (оның ішінде, жүрек бұлшық етінің) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.
Калий магниймен бірге өнімді жұмыс істейді. Калийді тұтынудың тәуліктік нормасы – 3600 мг. Мысалы, 200 г өрік қағының, 470 г асжапырақтың немесе 370 г теңіз орамжапырағының құрамында осыншама калий бар.