Жүрек туралы

Қауіп факторлары


Адамның жүрек-қантамыр жүйесі әлсіз. Жүрек ауруын тудыратын, оларға қарсы әсер ету мүмкін емес себептер бар. Оларға мыналар жатады:

  • 1
    Жынысы
    Көбіне қауіп төнетіндер – еркектер.
  • 2
    Жасы
    45 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдер.
  • 3
    Тұқымқуалаушылық
    Миокард инфаркті немесе жақын туыстарыңыздың кенеттен қайтыс болуы.

Алайда адамның өмір сүру салтына тікелей байланысты жүрекке жағымсыз әсер ететін қауіп факторлары өте көп. Соның ішіндегі ең негізгілері:

  • артериалды гипертония
  • шылым шегу
  • қан құрамындағы «нашар» холестериннің шамадан тыс көп болуы
  • гиподинамия
  • дене салмағы индексінің жоғары болуы
  • ас тұзын көп мөлшерде пайдалану
  • қант диабеті

Жалпы жұртқа белгілі стереотиптен арыламыз: холестерин организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл жасуша үшін маңызды құрылыс материалы. Ол бірқатар дәрумендер мен заттарды сіңіруге көмектеседі, стероидты және жыныстық гормондарды өндіруге қатысады. Біздегі холестериннің 2/3 бөлігі бауырымызда түзіледі. Оның жартысы сырттан – тағамнан келіп түседі. Бірақ холестеринге бай (тәулігіне 300 мг жоғары) азық-түлікті шамадан тыс тұтынған кезде оның қандағы құрамы да көбейеді. Бұл организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуын асқындырып жіберуі мүмкін және қантамырлары қабырғаларында холестерин түйіндерінің (атеросклероз) жиналуына себеп болады.

Бірақ жүрек-қантамыр жүйесіне жағымсыз әсер ету жағынан алғашқы орындарды алатын тағы бір фактор бар, ол – стресс!


Өткен ғасырда америкалық ғалымдар жүрек және қантамыр ауруларына көбірек шалдығатын адамдардың портретін «салған». Ол адам коронарлы мінез-құлықты адам екен (мінез-құлық түрі – А). Ол ашуланшақ, күмәнданғыш, мазасыз және оның уақыты тапшы. Дәрігерлердің бақылауы бойынша, дәл осындай адамдар ишемиялық жүрек ауруына шалдыққыш және жедел жүрек тапшылығымен ауруханаға түседі екен. Себебі белгілі: үнемі стресте жүрген адам одан алкоголь, шылым шегу, тиімсіз тамақтанудың көмегімен арылғысы келеді. Яғни стреске қауіптің қосымша ауырлатқыш факторлары қосылады.


Ресейде жүрек-қантамыр жүйесінің ең көп таралған ауруы ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА), артериалды гипертония, сондай-ақ олардың қантамырдағы асқынуы – миокард инфаркті мен ми қан айналымының бұзылуы (инсульт) болып табылады. Дәрігерлер осындай диагноз қойылған ресейліктердің жартысынан көбінен ауруды асқындыратын психо-әлеуметтік себептер анықтады (өмір сүру жағдайының төмендігі, мансаптылық, үрейлі шабуыл жасау және ұзаққа созылған депрессия).

Өзіңіздің қауіп факторыңызды қалай бағалауға болады?

Жалпы жүрек-қантамыр қаупінің бірнеше моделі әзірленген. Ресейде еуропалық SCORE моделі «сіңіп кетті»: бұл шкала пациенттерді алғашқы профилактикасының стратегиясын анықтауға арналған. Негізгі қауіп факторларын назарға ала отырып, ол ИЖА ғана емес, сондай-ақ жақын 10 жылдағы барлық жүрек-қантамыр оқиғаларының даму қаупін ескереді. Өз бетіңізше есептеуге де болады.


Кестені қалай пайдалану керек? Жынысыңызды, жасыңызды, систолдық артериалды қысымыңызды, холестерин, плазма деңгейін және шылым шегемін/шылым шекпеймін деген мәртебеңізді көрсетіңіз. Тәжірибеге сәйкес, өзіңіздің жүрек қауіп-қатеріңізді объективті түрде есептеу үшін осы мәліметтер де жеткілікті. Егер өзіңізді «мінез-құлқы А типтес» адамға жатқызсаңыз, жағымсыз факторлар автоматты түрде еселене түседі.

Қауіп факторларының кестесі

Дереккөзі: SCORE шкаласы (SystematicCOronaryRiskEvaluation), ConroyRM, PyoralaK, FitzgeraldAP, etal. Estimation of ten-year risk of fatal cardiovascular disease in Europe: the SCORE project. EurHeart J 2003;24:987-1003.
  • Есеп нәтижесіне қарамастан, мынадай адамдар тобы жоғары және өте жоғары қауіп санатына жатады:
  • 1
    систолдық артериалды қысымы >180 мм. сын. бағ. немесе диастолдық артериалды қысымы > 110 мм. сын. бағ.
  • 2
    САҚ > 160 мм. сын. бағ., бірақ ДАҚ < 70 мм. сын. бағ. пациенттер
  • 3
    екінші типті қант диабеті
  • 4
    метаболизмді синдромы бар
  • 5
    сондай-ақ расталған жүрек-қантамыр аурулары бар адамдар

Көптеген зерттеулерге сәйкес, өмір сүру салтын өзгерту жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан адамдардың жағдайын айтарлықтай жақсартады екен. Осылайша шылым шегуден бас тарту уақытынан бұрын қайтыс болу қаупін 40-50%-ға төмендетеді. Ал егер стресс болмаса, адам сырқатынан тіпті, медикаменттердің көмегінсіз-ақ айығып кетер еді. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қауіп факторларының болуы шығарылған шешім емес, денсаулығыңызға уақытында қамқор болу!