Ресейде кемінде 8 миллион адам жүрек тапшылығына шалдыққан. Бұл ауру кемел және егде жастағы адамдардың арасында таралған: көбіне 60 жастан кейін асқынады.
Жүрек тапшылығы деген не?/h2>
Жүрек тапшылығы – бұл жүректің жұмысы бұзылатын, оның «сорғы» қызметі төмендейтін, соның салдарынан тіндер мен органдарды қанмен жабдықтау бұзылатын, оттегі мен қоректік заттардың тапшылығы орын алатын жай-күй. Жүректің мұндай шалыс соғуы күш-қуаттан арылтады: қанды қантамыр арнасына итеруге күш жетпейді, миокардтың жиырылу қабілеті төмендейді. Мұндай міндетті орындау үшін жүрек өзінің камераларындағы (сол және оң жақ қарынша және жүрекше) қысымды арттыру есебінен «апатты режимге» ауысады.
Жүрек тапшылығы созылмалы немесе жедел болады.
Жедел жүрек тапшылығы дәрігердің тез арада араласуын талап ететін жедел жағдай (жедел медициналық көмек бригадасын шақыру қажет). Бірақ, бақытымызға орай, жедел жүрек тапшылығы сирек орын алады.
Созылмалы сырқат ұзақ уақыт бойы білінбей, біртіндеп дамуы мүмкін. Асқыну кезеңдері уақытша тынышталады. Осылайша адам бірнеше жыл өмір сүруі мүмкін.
Жүрек тапшылығының пайда болу себептері
Жүрек тапшылығы көбіне артериалды гипертония және ишемиялық жүрек ауруы негізінде дамиды. Сондай-ақ оның дамуына мына себептер әсер етуі мүмкін:
- 1
қант диабеті
- 2
жүрек қақпақшаларының ақаулары
- 3
семіздік
- 4
кардиомиопатия
- 5
перикард және эндокард аурулары (жүректің сыртқы және ішкі қабықтары)
- 6
туа біткен жүрек ақауы
- 7
алкогольді шамадан тыс пайдалану, шылым шегу
- 8
тамақтанудың бұзылуы, дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығы
Жүрек тапшылығы кезінде диуретик препараттар көп қолданылатындықтан, гипокалиемия (калий деңгейінің төмендеуі) асқынуы мүмкін. Калий (Панангин) препараттары гипокалиемия жағдайында асқынатын жүрек гликозидтерінің (брадикардия, ырғақтың бұзылуы, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, құсу, іш ауруы және т.б.) улануының алдын алуға көмектеседі, осы топқа жататын препараттар белгіленген емді жақсарта түседі.
Жүрек тапшылығының белгілері мен симптомдары
Бұл аурудың зұлымдығы – бастапқы кезеңде оны анықтау қиын. Ісіну, демікпе және шаршау сияқты кеңінен таралған белгілерді көп адамдар шындап қабылдай бермейді. Сонымен қатар денсаулыққа байланысты басқа да мәселелердің осыған ұқсас белгілері бар. Сондықтан анамнезді мұқият жинаған кезде ғана дәл диагностика жасауға болады. Әдетте, жүрек тапшылығының деңгейін, яғни аурудың қаншалықты асқынғанын анықтау және үкім щығару анамнез жинап, мынадай мәліметтерді бағалағаннан кейін ғана орын алады. Дәрігер мына сұрақтарға неғұрлым дұрыс жауап алса, пациентте жүрек тапшылығының болуы ықтимал:
- 1
жатқан, тұрған немесе отырған жағдайда демікпенің орын алуы
- 2
салмақтың артуы
- 3
жүрек жұмысының шалыс істеуін сезінуге арыздану
- 4
мойын көктамырының ісінуі
- 5
төсекте жатқан жайсыздықты сезіну (жастықты сәл көтеріңкіреу, отырып ұйықтау, түнде тұншығу)
- 6
ісіну
- 7
өкпенің сырылдауы
- 8
оң жақ қабырға астының бауырдың ұлғаю салдары сияқты тысырайып тұрғанын сезіну
- 9
систолдық артериалды қысымның көтерілуі
- 10
жүректің жылдам соғуы
Кардиологтардың халыққа арналған хабарламасы: жайсыздық кезінде адам өзіне қаншалықты мұқият болса, оған аурудың ерте кезеңінде көмектесуге мүмкіндік бар.