Өте кең таралған аурулардың бірі – ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА), бұл ауру жүрек бұлшық етінің аймағында артериалды қанмен қоректенудің бұзылуы салдарынан орын алады, оның негізінде коронарлы артерия жүйесіндегі патологиялық процестер жатыр. Оттегі мен қоректік заттардың тиісті мөлшеріне қанықпаған жүрек қызметін дұрыс орындамайды.
Ишемиялық жүрек ауруы алғаш рет XVIII ғасырдың соңында сипатталған. Ал ишемия деген ұғымның өзі термин ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресми түрде 1960 жылы ғана қабылданды.
Қазіргі таңда ИЖА бүкіл әлемдегі мүгедектік пен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Көбіне ол дамыған мемлекеттердегі 40 жастан асқан еркектерді зақымдайды.
Ишемиялық жүрек ауруы қалай дамиды?
Жүректің жүрек бұлшық еті – миокард қанды екі коронарлы артерия арқылы алады. Олар жүректің әртүрлі бөлігін қоректендіретін анағұрлым ұсақ қантамырларына тармақталады. Коронарлы артерия немесе оның тармағының қабырғасында холестерин (атеросклероздық түйін түзіледі) жиналса, артерия саңылауы біртіндеп тарылады да, миокардтың тиісті аймағын қоректендіру бұзылады немесе тоқтайды (коронарлы артерия толық бітелген жағдайда). Бұл аймақтың жүрек бұлшық етінің жасушасы оттегіге ашыққан күйге түсіп, өледі. Бұл құбылыс ишемия деген атауға ие.
Ишемиялық жүрек ауруының қандай түрлері болады?
Жүрек ишемиясының классификациясы әлі күнге дейін осы аурудың жаңа формаларымен толығып келеді. ИЖА бірнеше түрі бір-біріне ауыса береді немесе бір-бірімен үйлесуі мүмкін.
Ишемиялық аурудың негізгі түрлері:
- 1
жүрек тұсының қысылу сезімі және/немесе төс сүйегінің қатты ауыруы
- 2
қол, мойын, жақтың (көбіне сол жағы) ауыруы
- 3
тіпті, орташа жүктеме кезінде де демікпенің болуы
- 4
суық тердің шамадан тыс шығуы
- 5
себепсіз мазасыздану, алаңдаушылық
- 6
ауа жетпегендей сезімде болу
Ишемиялық жүрек ауруының негізгі формалары
Стенокардия
«Стенокардия» деген термин «жүрек» және «тар, тығыз, әлсіз» деген грек сөздерінің үйлесуінен пайда болған, бұрын бұл синдром «жүрек қыспасы» деп аталатын, латынша – anginapectoris.
Стенокардияға тән белгілердің бірі – жайсыздықты, ауырлықты немесе жүрек тұсындағы қатты ауыруды сезіну. Бұл ишемиялық ауру түрі бірнеше түрге бөлінеді:
- «жүктеме стенокардиясы» (ауыру дене жүктемесі кезінде пайда болған жағдайда);
- «үнсіз стенокардия» (түнде орын алады да, ешқандай симптомсыз болады;;
- микроваскулярлы стенокардия немесе «Х синдромы» , мұндай кезде ұсақ қантамырларға қарағанда адамның ірі коронарлы артерияларын жанап өтпейді. Етеккір тоқтаған кезде әйелдер ИЖА осы түріне шалдығатыны да содан;
- сондай-ақ «тұрақсыз» стенокардия . бар. Ауыруы үдемелі кенеттен болатын жүрек талмасы түрінде көрініс табады: бұл түрі инфаркт алдындағы жағдай болып табылады.
Миокард инфаркті
Миокард инфарктін ишемиялық жүрек ауруының жедел формасы деп атауға болады, өйткені бұл жүрек бұлшық еті аймағының жойылуы, бұл қан айналымының жедел бұзылуы салдарынан орын алады. Инфаркт кезінде миокардтың қандай да бір бөлігінің тінін некроз жағдайына ұшырататын ерекше ақуыздардың өсуі байқалады. Бұл ақуыздың деңгейі зертханалық тұрғыдан анықталады: инфаркт кезінде олар некроз салдарынан бұзылатын жасушадан босанып шығып, қан айналымына барып түседі.
Миокард инфарктінің түрлері көп. Тін аймағының жойылуын оқшаулау жүрек бұлшық етінің кез келген аймағында (жүрек немесе қарынша аралығы бөліктерінде) болуы мүмкін. Бұл ретте жүрек бұлшық етінің әртүрлі қабаттары зақымдалуы мүмкін.
Миокард инфаркті бірнеше кезеңмен дамиды:
- 1
Алдын ала білдіретін кезең – бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін.
Белгілері: жүрек тұсының немесе төс сүйегінің сирек және қатты ауырмауы.
- 2
Жедел кезең – ең көп дегенде бір тәулікке созылады.
Жедел ауыратын синдромы бар.
- 3
Жедел – 8-10 күнге дейін жалғасады және көбіне маза кетеді. Осы кезде миокард аймағы жойылады (некроз).
- 4
Жеделдеу – 10 күннен бастап 4-8 аптаға дейін. Әдетте, осы кезеңде сауығу басталады.
- 5
Инфаркт зақымдаған аймақтың қара қотырлануы 1,5 айдан жарты жылға дейін жалғасады.
Аритмии
Аритмияның бірнеше түрі болады: тахикардия, брадикардия, пароксизмальді жүрек ырғағының бұзылуы, экстрасистолия және жыбырлақ аритмия. Негізінен, олардың әрқайсысы кенеттен, жедел туындайды да, созылмалы формаға ауысады. Диагностика жасалған аритмия – ишемиялық жүрек ауруының бар екендігін білдіретін негізгі симптом.
Ишемиялық жүрек ауруын дамытатын қауіпті арттыратын факторлар
- атеросклероз
- қант диабеті
- артериалды гипертония
- өт тасы ауруы
- артық салмақ
- калориясы жоғары тағамды, майды, тез сіңірілетін көмірсуды шамадан тыс пайдалану
- дәрумендер (А, Е, С) мен минералдардың (калий, магний) жеткіліксіздігі
Ишемиялық жүрек ауруын емдеу
ИЖА емдеудің ең негізгі мақсаты – науқастың өмір сүру сапасын жақсарту. Көбіне пациенттер дәрігерлерге аортокоронарлы шунттау, стенттеу және т.б. сияқты хирургиялық ота керек болатын кезде бір-ақ жүгінеді. Миокардтағы ишемиялық процестер ерте кезеңде анықталса, бұл аурудан бұрынғы терапевтік әдістермен арылуға болады, олар: зиянды әдеттерден бас тарту, төмен калориялы диетаға көшу, орташа дене жүктемесі, стреске жол бермеу, артық салмақты түсіру.
Сондай-ақ миокардты нығайтуға, қоректендіруге және жүректің тұрақты жұмысын қалыптандыруға көмектесетін калий және магний сияқты микроэлементтерді пайдаланып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Құрамында органикалық формадағы жүрекке пайдалы теңдестірілген препараттардың бірі «Панангин» болып табылады, ол жүректің жұмысын сақтайтын және ишемиялық ауруды кешенді емдейтін таптырмайтын серік.