Жүрек туралы

Жүрек ырғағының бұзылуы


Жүрек бірқалыпсыз соға бастаса, шалыс соғу сезімі туындайды, жүректің жиі немесе баяу соғуы орын алады, аритмия пайда болады. Синусты ырғақ қалыпты ырғақ болып саналады: дені сау ересек адамның жүрек жиырылуының жиілігі тыныштық қалпында минутына 60-80 рет соғады.

Ырғақтағы ғана емес, жүрек жиырылуы жиілігіндегі кез келген ақау аритмия болып саналады.

Жүректің ырғағын не басқарады?

Адамның жүрегінде синусты түйін бар, ол жүрек ырғағының «дирижері» болып табылады. Ол жоғарғы қуыс көктамыр оң жүрекшеге құйылатын жерде орналасқан (суреті). Оның талшықтары жүрегімізге «әуен» мен ырғақ беретін импульстерді береді. Синус түйінінің жұмысы бұзылған кезде «дирижер таяқшасы» автоматты түрде басқа «орындаушыларға» ауысады (жүрек алды-қарынша түйіні немесе Гис шоғыры – суретті қараңыз), сол кезде жүрегіміздің «әуенді бұза» бастағанын сеземіз: жүрегіміз кеудемізден шығып кететіндей болады, тактісінен ауытқып кетеді немесе ауырсынып «ыңырану» басталады.

Аритмия жүректің ауыр зақымдануы салдарынан орын алады: ишемия, миокард инфаркті, ақаулар және зақымданулар. Кейде жүректің ырғағы асқазан-ішек жолдары, тыныс алу және орталық жүйке жүйесі ауруларының салдарынан ақаумен соға бастайды. Шамадан тыс кофе, шай, алкоголь, дене жүктемелері, дәрілік интоксикация және электролиттік теңгерімнің бұзылуы аритмияны тудырады.

Аритмияның қандай түрлері болады?

Синусты тахикардия – ырғақтың жиілеуі, минутына 150 рет соғуы, бұл «allegro» («аллегро») деп айтуға болады! Оның ырғағы 116-160 соққыға тең. Музыканттар оны «өте жылдам» деп анықтайды. Мұндай аритмияның себебі: жүрек тапшылығы, қалқанша без немесе орталық жүйке жүйесі аурулары, анемия, әртүрлі уланулар.

Синусты брадикардия – жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі, жүректің минутына 60 дейін және одан да аз соғуы. Жүрек «adagio» («адажио») – баяу немесе тіпті, созылыңқы ырғақ. Себептері: кейбір дәрі түрлерін қабылдау (мысалы, бета-бұғаттауыштар), асқорыту органдарының, орталық жүйке жүйесі аурулары, невроздар, вирустық инфекциялар немесе қалқанша без қызметінің төмендеуі.

Пароксизмальді тахикардия – кенеттен пайда болатын, жүректің соғуын жиілететін ұстама (пароксизмдер деп аталады), тыныштық кезінде жүрек минутына 140-тан 200-300 дейін соғады. «Prestissimo» («Престиссимо»), яғни өте жылдам. Себебі: миокардтың дистрофиялық өзгерісі (көбіне жасы ұлғайған адамдарда кездеседі), жүректің өткізгіш жүйесінің ауытқуы, жүрек тапшылығы, қалқанша без ауруы.

Экстрасистолия – жүрек бұлшық етінің уақытынан бұрын жиырылуы. Көп түрі бар және жүректің кез келген ауруымен қатар жүруі мүмкін. 80%-ға жуық жағдайда 50 жастан асқан адамдарға экстрасистолия диагнозы қойылады екен. Оның негізгі белгілері: кенеттен болатын дүмпуді немесе төс сүйегінің соққысын сезіну. Пациенттердің көбі жүрек қатып қалады деп шағымданады. Көбіне экстрасистолия кезінде әлсіздік, тер басу, қиын тыныс алу, алаңдаушылық, бас айналу, талу орын алады.

Жыбырлақ аритмия – жүрек алды миокардындағы жеке талшықтардың бейберекет, 200-300 дейін және одан да көп өте жоғары жиілікпен жиырылуы. Негізгі себептері жүректің органикалық аурулары болып табылады: ұзақ артериалды гипертензия, жүрек тапшылығы, миокардит, кардиомиопатия, жүрек ақауы, ИЖА. Симптомдарының айқындығы адамның жалпы жағдайына байланысты. Олардың көбі аритмияның басқа да түрлері кезінде байқалады: жүректің жиі соғуы, кеуденің ауыруы және түйреуі, шамадан тыс терлеу, бұлшық еттің әлсіздігі, демікпе, бас айналу, талу, кенеттен үрейлену ұстамасы.

Жүрек ырғағының бұзылуын емдеу..

Жүрек ырғағы бұзылуының субъективті белгілері пайда болған кезде ең алдымен дәрігерге (терапевтке немесе кардиологқа) жүгіну керек, өйткені аритмияны емдеу көбіне оның түрі мен пайда болу себебіне байланысты.

Жүрек ырғағының бұзылуын емдеу кезінде калий мен магнийдің қажетті мөлшерін алатын электролиттік теңгерімді қалпына келтіру өте маңызды, бұл пайдалы микроэлементтер жүректі «comodo» («комодо») ырғағына келтіруге көмектеседі, яғни жүрек қалыпты соға бастайды. Панангин Форте сияқты минералды препараттар осы мәселені шешеді.