Тіпті, асымыз толыққанды, ақуыз, май және көмірсу теңгерімді болса да, рационымызда микроэлементтер аз. Орташа статистикалық тұрғыдан алғанда, бір Ресей тұрғынының рационында көк шөп, көкөніс, жаңғақ мөлшері төмен. Ол көбіне құрамында калийі мен магнийі төмен азық-түлікті пайдаланады: бұл микроэлементтер организмге шектеулі мөлшерде түседі. Сонымен қатар өмірде калий мен магнийдің барынша шығындалуына немесе осы элементтерге өте мұқтаж болатын жағдайлар орын алып жатады. Мысалы, ыстық климатта өмір сүру, кофе немесе алкогольді көп мөлшерде пайдалану, организмдегі минералдардың шығуына әсер ететін (несеп айдайтын құралдар) дәрілік препараттарды қабылдау.

Тамақпен қатар арнайы дәрілік препараттар немесе биоқоспалар қабылдаған жағдайда калий мен магний тапшылығының орны толтырылады. Құрамында К және Mg бар органикалық, оңай сіңірілетін формадағы анағұрлым танымал препараттардың бірі Гедеон Рихтер компаниясының Панангин препараты болып табылады.